Ресейдегі жағдай: 800 үйді су басты
Орынбор қаласында соңғы тәулікте тағы 800 үй мен 1,8 мың шаруашылық учаскесін су басқаны айтылды.
Осы уақытқа дейін қалада барлығы 3 мың үй мен 8 мың шаруашылық жер су астында қалған.
«Бір күннің ішінде 1800-ге жуық үй іргесіндегі жер мен 800-ге жуық үйді су басты, барлығы 8 мыңға жуық шаруашылық телімі мен 3 мыңға жуық үй бар», - деді Александр Сиса.Қаладағы Донгузская және Уральская көшелерін су басуына байланысты тұрғындарды эвакуациялауға жол полициясы мен төтенше жағдайлар қызметінің көліктері жіберілген. Одан бөлек, 183 адам уақытша орналастыру пунктеріне жеткізілген. Агенттік мәліметінше, Орынбордың Жайық өзені бөлігіндегі су Беляевская көшесіне жеткен, ондағы өткел жабылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...