Ресейдің Қазақстанмен шекарасында өрт шықты
405
Ресейдің Қазақстанмен шекаралас өңірі – Алтай өлкесінің Михайловск ауданында өрт шықты. Бұл туралы ТАСС агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тілсіз жауды сөндіруге арнайы пойыз тартылды. Пойыз арнайы техникаларды 120 тонна сумен қамтамасыз етті.
Орт Қазақстан аумағынан келген. Оны сөндіруге жел кері әсерін тигізіп жатыр. Әзірше жалын 1 мың гектар аумақта оқшауландырылды. Өрт сөндірушілер оны 800 адам тұратын Бастан ауылынан 9 шақырым жерде өшіре алды.
Тілсіз жаумен күреске 82 маман, 42 техника, соның ішінде тікұшақ, 4 автоцистерна, 24 өрт сөндіру техникасы, 8 трактор жұмылдырылған. Алтай өлкесі Табиғатты қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, жағдайды екпінді жел қиындатып отыр.
Жалын Бастан ауылына және оған жақын орналасқан басқа да елді мекендерге жетті. Барлық тұрғынға өрт қаупі ескертілді.
Politico.kz
Adyrna.kz
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды