Ресейдің Тағы бірнеше аймағына қауіп төніп тұр
Өткен аптада дамба жарылған Орск қаласының өзінде бүлінген үйлерден келген алдын ала шығын 21 миллиард долларға бағаланып отыр. Қазір Орск қаласында жағдай тұрақтала бастағанға ұқсайды.
Бірақ облыс орталығы Орынборда керісінше қауіп күшейіп барады. Қазір Ресейде әсіресе, Орынбор облысында жағдай қиын. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда Жайық өзенінің деңгейі 10 метр 87 сантимерге жеткен. Салдарынан тағы мыңдаған үйді су басу қаупі төніп тұр. Бірнеше күн бұрын билік Жайық өзенінің деңгейі 9 метр 30 сантиметрлік көрсеткішке таяса, Орынбор қаласында жағдай қиындай түсетінін ескерткен. Су қауіпті межеден асып кетті. Қазір 11 метрге жуықтайды. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Орынбор облысы бойынша 13 мыңдай үйді су басқан. Кейбір ауданда, судан тек үйлердің шатыры ғана көрініп тұр. Мамандар мұнымен тоқтамай, су әлі де көтерілетінін ескертеді.
Сөйтіп тағы 3 жарым мың баспанаға қауіп төніп тұр. Тасқын екі федералдық тас жолға да жетеді деген күдік бар. Қазір ондағы көлік қозғалысы тоқтаған. Өзге өңірлерден Орынбор облысының тұрғындарына 35 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген. Ахуалдың қиындауына байланысты көрші елдің төтенше жағдайлар министрі осымен үшінші рет аймаққа барды. Сергей Кудинов, Орынбор облысы губернаторының бірінші орынбасары: - Орынбор қаласындағы жағдай күрделі. Күн сайын су деңгейінің көтеріліп жатқанын көріп отырмыз. Кейінгі тәуліктің өзінде 80 сантиметрге көтерілген.
Қазір көпқабатты үйлерді су басуын болдырмау керек, сондай-ақ тазалау құрылғыларының жұмысын тоқтатпауымыз қажет. Біз үшін осы маңызды. Жайық өзеніндегі су бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Мұның алдындағы рекорд 1942 жылы тіркелген еді. Ол кезде көрсеткіш 962 сантиметр болған.
Қорған облысында да жағдай қиын. Тобыл өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр. Ол 11 метрге дейін жетеді деген болжам бар. Қазірдің өзінде көрсеткіш 10 метрлік межеден асып кетті.
Сондықтан билік апта соңына дейін тұрғындарды үлкен сынақ күтіп тұрғанын ескертеді. Облыс бойынша 62 елді мекен қауіпті аймаққа кіріп отыр. Қазір оңтүстік өңірлерді су басуда. 15 елді мекен жарықсыз қалды. 6 мыңнан аса тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілген. Аймақта сәт сайын эвакуация дабылы қосылып тұрады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...