Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздері басталды
Ресей мен АҚШ Сауд Арабиясында жоғары деңгейде келіссөз жүргізуде
Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздер басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Келіссөздер Сауд Арабиясының астанасында, корольдік отбасына тиесілі Аль-Басатин кешеніндегі Дирия сарайында өтіп жатыр. Бұл – Ресей мен АҚШ арасындағы арнайы әскери операция басталғалы бері алғашқы жоғары деңгейдегі ресми кездесу.
Келіссөздерге Ресей жағынан Сергей Лавров (Сыртқы істер министрі) мен Юрий Ушаков (Президент көмекшісі), ал АҚШ тарапынан Марко Рубио (Госхатшы), Майк Уолц (Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі) және Стив Уиткофф (Таяу Шығыс бойынша арнайы өкіл) қатысуда.
Тараптар бірнеше негізгі тақырыптарды талқылауда:
- АҚШ пен Ресей арасындағы ынтымақтастықты қалпына келтіру;
- Украинадағы дағдарысты реттеу жолдары;
- Путин мен Трамптың ықтимал кездесуі.
Ресей мен АҚШ арасындағы бұл диалогтың нәтижесі екі елдің ғана емес, бүкіл әлемдік геосаяси жағдайға әсер етуі мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...