Ресей мұрағатынан қазақтың ескі халық күйі табылды

23.09.2025 08:33 Арман Ермеков
Ресей мұрағатынан қазақтың ескі халық күйі табылды
0
493

Ресей мұрағатынан Мұхиттың әні мен сирек күйдің жазбасы табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Мәскеудегі мемлекеттік фоноқұжаттар мұрағатынан бұрын-соңды белгісіз болып келген қазақтың екі бірдей құнды музыкалық жазбасы табылды. Ысқақ Уәлиевтің сыбызғымен орындаған «Естек» атты халық күйі мен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әні белгілі болды. Бұл құнды дыбыстық жазбалар Ресейде сақтаулы тұрған.

Бұл құнды мұра былтыр «Архив-2025» деген мемлекеттік бағдарламаның арқасында анықталды. Бұл бағдарламаның мақсаты әлемнің түкпір-түкпірінде жатқан біздің тарихымызға қатысты дүниелерді іздеп тауып, елге қайтару.

Кейбір деректерге сүйенсек, бұл сирек кездесетін жазбалар өткен ғасырдың 1930-1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға жазылған екен. Ол кезде қазақтың өнер адамдары үлкен Мәскеу қаласына барып, өз өнерлерін ортаға салған. 

Сол заманда «Известия» газетінде жарық көрген Н. Изгоевтің мақаласында бұл оқиға туралы жазылған. Оның жазуынша, қазақтар тек қазақ халқына ғана емес, барлығына түсінікті өнер алып келген.

«Казахи привезли такое искусство, которое близко и понятно не только казахскому народу – оно понятно всем… В протяжных казахских песнях мы слышали голос ковыльных степей», – деп атап өткен.

Енді, осы тарихи жазбалар 2024 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының қорына ресми түрде тапсырылды. Яғни, бұл құнды дүниелер енді өз елімізде сақталатын болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий