Ресейде жүрген қазақтарға ескерту: заңдастыру мерзімі бітті
Бүгін Ресейде заңсыз жүрген мигранттардың өз мәртебесін заңдастыруы үшін берілген мерзім аяқталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ресей Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Енді 11 қыркүйектен бастап құжатын реттемеген шетелдіктер елден шығарылып, олардың Ресейге қайта кіруіне тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ, олардың деректері бақылаудағы тұлғалардың тізіліміне енгізіледі.
Заңсыз жүрген азаматтар елден шығарылғанға дейін олардың бірқатар құқығына шектеу қойылады. Атап айтқанда, оларға некеге тұруға немесе ажырасуға, балаларын балабақшаға немесе оқу орындарына орналастыруға және көлік жүргізуге тыйым салынады.
Еске сала кетсек, сәуір айында Владимир Путиннің жарлығымен заңсыз мигранттарға құқықтық мәртебесін реттеу мүмкіндігі 10 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын. Ресей ІІМ осы уақыт аралығында шетелдіктер үшін бұл процесті жеңілдету бойынша жұмыс жүргізгенін мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
10:44
Ақмола облысында жаңа экопарк ашылды
20.10.2026
10:17
Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы 24 жыл бұрынғы құпи...
20.10.2026
10:11
«Ұлым ұрып-соқты» деген 90 жастағы қария сотқа ...
20.10.2026
09:42
«Есірткі салып жібереміз деп қорқытқан»: өскеме...
20.10.2026
09:17
Павлодарда салон клиенттің терісін күйдіріп жіб...
20.10.2026
09:10
«Ұшағымызды сатамыз»: Жазира Байырбекова желіні...