Ресейдің «Орешник» зымыраны Украинаға жете алмай, өз жерінде жарылды

Ресейдің «Орешник» зымыраны Украинаға жете алмай, өз жерінде жарылды
07.02.2025 09:07
0
2934
иллюстрация
Ресейдің «Орешник» зымыраны Украинаға жетпестен жарылды

Ресей Украинаға бағытталған кезекті «Орешник» баллистикалық зымыранын ұшырды, алайда ол көздеген нысанасына жетпестен, Ресей аумағында жарылды, деп хабарлайды Forbes.

21 қарашада Ресей жаңа баллистикалық зымыранды Днепр қаласына бағыттап, ондаған бейбіт тұрғын зардап шеккен болатын. Бұл зымыран бастапқыда құрлықаралық баллистикалық зымыран (МБР) ретінде қабылданған, алайда кейіннен оның РС-26 негізіндегі жаңа «Орешник» зымыраны екені анықталды.

Үш ай өткен соң, Ресей Киевке тағы бір «Орешник» жіберді. Бірақ украиндық әскери журналист Кирилл Сазоновтың мәліметінше, бұл зымыран межелі жерге жете алмай, Ресей территориясында жарылып кеткен.

«Бұл зымыран тым алысқа ұша алмады», – деді Сазонов.

Путин бұған дейін Украинадағы «шешім қабылдау орталықтарына» дәл осындай шабуыл жасайтынын мәлімдеген. Бірақ сарапшылардың пікірінше, «Орешник» технологиялық тұрғыдан әлсіз және сенімсіз қару.

Бірінші «Орешник» зымыранының 2011 жылы Плесецк ғарыш айлағында сынақтан өткізілген нұсқасы да сәтсіздікке ұшыраған болатын. Бұл жаңа зымыран РС-26-ның ықшамдалған нұсқасы болғанымен, дәлдігі төмен әрі техникалық ақаулары бар.

Миддлбери халықаралық зерттеулер институтының сарапшысы Джеффри Льюистің айтуынша:
«Орешник» – бұл өте қымбат әрі тиімсіз қару. Ол қорқыту үшін жасалған, бірақ тиімділігі төмен», – деп бағалады.

АҚШ сарапшылары мен The Moscow Times газеті бұл зымыранның Ресей әскери-өнеркәсіп кешенінің қуатын асыра көрсету үшін жасалған пропагандалық қару екенін айтады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий