Ресейдің Орталық Азияға қатысты құпия құжаты әшкере болды

Ресейдің Орталық Азияға қатысты құпия құжаты әшкере болды
10.02.2025 16:13
0
1723
Ашық дереккөз
Financial Times: Ресей Орталық Азия елдерін өзіне қайтарғысы келеді

Ресей үкіметінің ішкі құжаты Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның Мәскеуден алыстап бара жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Financial Times.

Құжат Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин басқаратын стратегиялық сессияда талқыланған. Онда Ресейдің бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне қатысты жоспарлары баяндалған.

Құжатқа сәйкес, Мәскеу Орталық Азия мемлекеттерін өз ықпалында ұстап қалғысы келеді, алайда Батыстың санкциялары бұл жоспарды қиындатып отыр. Батыс елдері "кнут және пряник" саясатын қолданып, аймақтағы елдерді Ресейге қарсы санкцияларды сақтауға мәжбүрлеуде.

Ресей бұл елдерді өзіне қайта тарту үшін экономикалық және тарихи факторларды пайдалануды көздейді. Алайда құжатта Қазақстан мен басқа да елдердің Батысқа бет бұрып, өз тарихына жаңаша қарап жатқаны айтылған.

"Орталық Азия елдері ағылшын тілін екінші мемлекеттік тіл ретінде ілгерілетуде, Батыс білім беру стандарттарына көшуде, элита өкілдері шетелде оқуға ұмтылуда", – делінген құжатта.

Ресей Қазақстанды ең үлкен экономикалық серіктесі ретінде қарастырғанымен, Астана Мәскеудің Украинадағы әрекеттерін қолдаудан бас тартып, санкцияларды сақтауға тырысып келеді.

Құжатқа сәйкес, Ресей Қазақстанды өзіне жақындату үшін ұзақ мерзімді стратегия ұстануы керек. Сонымен қатар, құжатта Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) дамуына "жүйелі проблемалар" тосқауыл болып отырғаны айтылған.

Қазіргі таңда Ресейдің санкцияларға бейімделуге тырысып жатқаны, ал Орталық Азия елдерінің бұл жағдайды өз мүддесіне пайдаланатыны анық байқалады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий