Ресейдің рөлі төмендеген сайын Қазақстанның беделі арта береді – сарапшы

17.11.2025 19:10 Берік Арманов
Ресейдің рөлі төмендеген сайын Қазақстанның беделі арта береді – сарапшы
0
97
Фото: видеодан скрин. Суретте: Жанат Момынқұлов

Бұл туралы сарапшы, шығыстанушы Жанат Момынқұлов "Қасқа жол" youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Соңғы апталардағы саяси оқиғаларды ескеріп, біздің геосаясаттағы деңгейіміз жаңа сатығы көтерілген сияқты. Біріншіден, АҚШ және Орталық Азия президенттері кездескен кезде Тоқаев ортада болғаны сөзсіз. Сондай-ақ екі ел арасында 17 млрд долларға жуық инвестициялық келісімдер жасалды. Жалпы осы орайда Орталық Азия аймағының потенцияалы ашылып келеді, - деді ол. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде аймақтағы Ресейдің рөлі әлсіреп жатыр. 

Ресей Қазақстан басшысын зор құрметпен қарсы алып, барынша тырысты. Қазіргі әлемде болып жатқан факторлардың бәрін ескерсек, Ресей бізге мұқтаж деуге болады. Олар өз газын біздің территория арқылы басқа елдерге сатып жатыр, бұл жерде логистика мәселесі өте зор. Сондықтан АҚШ сапарынан кейін Тоқаев құдай қосқан көршімізбен де келелі кездесу өткізді деуге болады, - деді сарапшы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий