Ресейлік сарапшы Үндістан – Қазақстан логистикалық бағытын жоғары бағалады

Үндістан мен Қазақстан арасындағы жаңа логистикалық маршрут үлкен әлеуетке ие және Орталық Азиядағы сауда қатынастарын күшейтеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.
Ресейлік логистика саласының сарапшысы, "Аривист" компаниялар тобының даму және кешенді логистика жөніндегі директоры Станислав Тобин жаңа бағыттың аймақтағы ғана емес, бүкіл өңірдегі экономикалық дамуға серпін беретінін атап өтті.
«Қазіргі уақытта бұл маршрут кеңінен танылмаған, бірақ болашақта қарқынды дамиды. Барлық үрдістер соған алып келеді, өйткені Орталық Азия елдеріндегі тұтыну көлемі мен жүк тасымалына деген сұраныс айтарлықтай жоғары», – деді сарапшы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
Оның пікірінше, Үндістан мен Қазақстан арасындағы жаңа сауда дәлізі екіжақты экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Орталық Азия елдерінің өңірлік саудадағы рөлі артып келеді, ал Үндістанмен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Сарапшылардың айтуынша, жаңа маршрут болашақта стратегиялық маңызды жобаға айналуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





