Роза Рымбаева қуанышты жаңалығын бөлісті

Роза Рымбаева қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/rozarymbaeva

ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Әнші "Сахнада 50 жыл" деген суретін бөлісіп, жақында өтетін концерті туралы жазды. 

“Жуырда… Айтылмаған сырлар… Асыл армандар…“, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары "Асыға күтеміз", "Әншісі, Кеңес Одағы кезінде Алла Пугачева, София Ротарумен бірдей сахнада жүрген, әндерімен әлемді мойындатқан Қазақстаннан шыққан әншінің бірі болған, бала кезімізде Роза радиодан ән шырқағанда тұра қалып тыңдайтынбыз, өздерін жұлдыз санайтын әншісымақтар осы кісіден қай жағынан болса да үлгі алса", "Өмір бойы ән айта беріңізші, сізді тыңдай бергім келеді", –  деп жазды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу