Роза Рымбаеваның немересі жұртты таң қалдырды
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үш жасар немересі Зейннің ерекше зеректігі желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Бүлдіршіннің анасы Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде ұлы қатысқан бейнежазбамен бөліскен. Видеода анасы әртүрлі мемлекеттердің жалаулары мен нышандарын көрсеткенде, Зейн оларды бірден танып, дұрыс атап береді.
Әсіресе, кішкентай баланың Қазақстан туын қайта-қайта көрсетіп, мақтанышпен «Қазақстан!» деп айтуы көпшілікті тәнті етті.
Желі қолданушылары Зейннің географияға деген қызығушылығы мен есте сақтау қабілетінің жоғары екенін атап өтіп, оның туған еліне деген сүйіспеншілігі анық сезілетінін жазып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...