Руслан Берденов Алматы қаласының дамыту орталығына басшы болып тағайындалды

Руслан Берденов Алматыны қаласының дамыту орталығына басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.
Бұрын Шымкент әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Берденов енді Алматы қаласының дамыту орталығына басшы болып келді. Оның бұл жаңа қызметі туралы ақпаратты алғаш болып белгілі қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков өзінің Telegram-арнасында жариялады.
"Руслан Берденов Алматыны Дамыту Орталығын басқарды", – деп жазды Әлібеков .
Руслан Берденовтың бұл қызметке тағайындалғаны туралы ақпаратты КазТаг басылымының сауалына Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі де растады.
«Алматы қаласын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 2/31 қаулысының негізінде жарғылық капиталға мемлекеттің 100% қатысуымен құрылды.
Орталықтың мақсаты – қала әкімдігіне және оның тұрғындарына қалалық басқарудың тиімділігін арттыруға, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсартуға және Алматының өмір сүру үшін неғұрлым қолайлы және тартымды қалалардың қатарына кіруге бағытталған кәсіби қызметтердің кең спектрін ұсыну арқылы Алматының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету. Алматының өмір үшін аса тартымды (liveable) қалалардың біріне айналуына ықпал ететін қаланың орнықты дамуының жетекші институты болу.
Соңғы жаңалықтар





