Руслан Берденов қызметінен өз еркімен кетуі мүмкін – Сәрсен Құранбек

Руслан Берденов қызметінен өз еркімен кетуі мүмкін – Сәрсен Құранбек
27.08.2025 15:26
0
358
Коллаж: POLITICO.KZ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК ӘРІПТЕСІ РУСЛАН БЕРДЕНОВТІҢ ҚАЗІРГІ МӘРТЕБЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ BAIMEDIA АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов ресми түрде әлі қызметінен кеткен жоқ. Бұл туралы оның әріптесі Сәрсен Құранбек мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта Берденов еңбекке жарамсыздық парағын ашып, ем қабылдап жатыр және әкімдік құрамында тіркеуде тұр.

Сәрсен Құранбек Руслан Берденовті қызметінен босату туралы бұйрықтың әлі шықпағанын атап өтті. Сонымен қатар, әкім орынбасары Берденовтің қызметін жалғастырғысы келмейтіні туралы бейресми ақпараттың барын да жасырмады.

"Руслан Берденовтің жұмыстан кетуі туралы бұйрық әлі шыққан жоқ. Ресми түрде ол кісі еңбекке жарамсыз парағын аштырған. Емделіп жатыр. Әлі күнге әкімдіктің құрамында. Бірақ біздің білуімізде, Руслан Берденов бұдан былай әкімдіктегі жұмысын доғарғысы келетін болса керек, ондай болатын болса келіп өтінішін жаза жатар. Әркімнің өз таңдауы, ниеті. Денсаулығымен айналысамын деп шешкен болса керек. Ресми түрде бұйрық шықпайынша біз ол кісіні қала әкімінің орынбасары деп есептейміз", – дейді Сәрсен Құранбек.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий