Руслан Берденов Жаңа жылдық кешті тойлауға тыйым салды деп айыпталды
Руслан Берденов мерекелік кешті болдырмады деп айыпталды, деп хабарлайды Politico.kz
Әлеуметтік желіде Алматы қаласын дамыту орталығының басшысы Руслан Берденовке қатысты даулы жазба тарады. Threads әлеуметтік желісінде «nenadojudgeme____» есімді қолданушы шенеунікті діни көзқарасы үшін ұжымдық мерекені шектеді деп айыптады.
Желі қолданушысының жазбасына сүйенсек, аталған мемлекеттік мекемеде Жаңа жылға арналған корпоративтік кеш және қызметкерлерге бюджеттен қарастырылған сыйлықтар мен тәттілер тарату тоқтатылған. Автордың айтуынша, ұжымға бұл шешімнің себебін «Жаңа жыл - мұсылмандардың мерекесі емес» түсіндірген.
%20%D0%92%D0%BD%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5.%20%E2%80%BC%EF%B8%8F%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%20-%20%D1%81%D0%B2%D0%B5%D1%82%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B5%20%D0%B3%D0%BE%D1%81%D1%83%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE_%20%D0%92%20%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%82%D1%83%D1%86%D0%B8%D0%B8%20-%20%D0%B4_%20-%20%5Bwww.threads.com%5D.png)
Айыптауға орталық басшысы Руслан Берденовтің өзі жауап беріп ақпаратты жоққа шығарды.
«Мен үшін Жаңа жыл – ең алдымен отбасылық мереке, жақындарыммен бас қосып, жылды қорытындылайтын және келесі жылға жоспар құратын тамаша сәт. Ешкім ештеңені алып тастаған жоқ – тойлағыңыз келсе, мархабат, оған ешкім тыйым салмайды. Жалған ақпарат таратпауыңызды сұраймын. Сізге қатысты ақпарат тексеруге жіберілді. Бұл мәселемен қауіпсіздік қызметі айналысып жатыр, уәждеріңізді белгіленген тәртіпте түсіндіруге тура келеді», — деп ескертті Берденов жазба астында.
Айта кетейік Руслан Берденов аталған қызметке биылғы жылдың қазан айының басында тағайындалған болатын.
Соңғы жаңалықтар