Руслан Тай: Әйелім басқа қыздар сияқты болса, басып тастар едім

10.09.2026 13:03 Томирис САҒЫНДЫҚ
Руслан Тай: Әйелім басқа қыздар сияқты болса, басып тастар едім
169
Фото: instagram.com/saida_nurlanqyzy/

Танымал әзілкеш Руслан Тай некедегі жауапкершілік, бұрыннан қалыптасқан мінез-құлық үлгілері және жұбайы Саиданың отбасылық динамикаға тигізген әсері туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Руслан Тай Тимур Балумен болған сұқбатта әңгімеледі. 

Руслан Тайдың айтуынша, отбасын құрғаннан кейін жеке басының амбициялары мен мінез-құлық ерекшеліктері көріне бастаған. Ол жұбайының батыл әрі феминистік ұстанымы бұрынғы қалыптасқан отбасылық үлгілерді қайталамауға ықпал еткенін атап өтті.

«Осының бәрі отбасын құрып, жауапкершілік пайда болғаннан кейін басталды. Бойымда "Менің де өзімшілдігім бар, мұның бәрін мен жасап жатырмын" деген ой осы кезден көрініс тапты. Жалпы, Саиданың батыл, феминистік ұстанымда жүргені біздің өмірімізді өзгерткен басты фактор болды. Егер ол басқа қыздар сияқты болғанда, мен оны басып тастар едім. Өйткені бойымда әкемнен келген бұрынғы бағдарламалар бар еді. Жәй ғана момын қыз болса, Саида сияқты жауап қайтармай, үнсіз отыра берер еді, ал мен өз дегенімді істей берер едім. Сондай сәттерде Саида берілмейтін: "Қане, сөйлесейік, диалогқа келейік" дейтін. Мен ашуланып отырсам да, оны амалсыз тыңдайтынмын. Сөйтіп, ең соңында: "Бәрекелді, сенікі дұрыс екен, кешір. Енді бұлай қайталамаймын" деп мойындайтынмын», — деді Руслан Тай.

Сұхбат барысында журналист отбасылық өмірдегі жұбайының атқаратын еңбегі мен артылған жауапкершілігін қай кезеңде және қалай аңғарғаны туралы сауал қойды.

«Ал Саида үшін алдыңғы кезеңдердің қаншалықты ауыр болғанын, бар жүкпен қиындықты өз мойнына алып, іске асырып жүргенін сен қашан ұғындың? "Мәссаған, оның атқарып жүрген шаруасы өте көп екен ғой, тіпті менің міндеттеріме дейін өз мойнына алған екен, ал мен оны байқамаппын да" деген сәт болды ма?» — деп сұрады журналист.

Бұл сұраққа жауап берген Руслан Тай серіктесінің эмоциялық және тұрмыстық жүктемесін түсіну бірден келмейтінін, оған уақыт пен ішкі толысу қажет екенін білдірді. Ол бұрынғы бағаламаушылықтан кейін пайда болған пайымдауларымен бөлісті.

«Ол да бір сәтте жарқ етіп, бірден түсіне салатын нәрсе емес қой. Ақырындап, уақыт өте келе жинақталатын процесс. Бір сәтте: "А-а, оқиғаның мәні осында екен ғой" деп ұғасың. Адам есейген сайын біртіндеп түсінетін дүниелер ғой бұл. Бұрын оның кейбір айтқан сезімдері мен уайымдарын мүлде бағаламайтынмын (құнсыздандыратынмын). "Саған не жетпейді?" деген ой санама берік ұялап алған еді. Ал қазір, арада 2-3 жыл өткен соң барып: "Ойпырмай, ол шынымен де осындай ауыр сезімдерді басынан кешірген екен ғой" деп ойланасың», — деді Руслан Тай.

Войдите, чтобы оставить комментарий