Рүстем Жүгінісовтың анасы мешіттегі оқиғаға қатысты бар шындықты айтты

13.11.2025 10:23 Айсұлу Мұрат
Рүстем Жүгінісовтың анасы мешіттегі оқиғаға қатысты бар шындықты айтты
0
67
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айнұр Жүгінісова

Танымал әнші Рүстем Жүгінісовтың анасы Айнұр Жүгінісова ұлы мен мешіттегі хиджабтағы қыз арасында болған оқиға туралы бар шындықты айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ 

Бұл туралы ол Kyn.kz ақпараттық порталына берген эксклюзивті сұхбатында баяндады.

«Бұл оқиға әрине есімізде. Рүстемді жұрттың қабылдамау себебі бар. Неге ол осы оқиғада елдің сөзіне қалды. Біз бәріміз қыз баласына жауаптымыз ата-ана ретінде. Ол сол тұстан қарап, қыздарға әкесі немесе ағасының қадағалауынсыз кешке шықпауға кеңес берген. Бұл дұрыс ақыл емес пе? Халық мұның дұрыс екенін біледі. Бірақ, Рүстемнің жасына қатысты, ол жас, әлі өмір көрмеген, сол себепті оның ақылы дұрыс болса да сынға ұшырап отыр деп ойлаймын.

Ал, блогер қызға келетін болсақ, дұрыс адам мешіттің ер адамдар кіретін жағында несі бар? Оны дабыра қылып бүкіл елге шулатты. Ертеңінде тағы бір дүниені айтып жылап отырды. Келесі күні тағы бірдеңе. Ол жай зат емес. Ол қыз желі арқылы танылғысы келіп, күнде бір видео түсіріп отыратын сияқты. Қараңызшы, жаңағы мешіттегі ауру адам неге тура сол қызға барды?

Ол өзіне сондай адамдарды тартады деген сөз. Неге басқа адамға сол ұсынысын жасамайды? Ол қыз өзі сол жаман дүниені дабыра етіп, жайып отыр. Ол өзіне осынысымен де сондай ер адамдарды тартады. Қаралықты өзіне магнит сияқты тартып тұр. Ертең оның күйеуі де сол адамға ұқсаған, соның планындағы азаматты кездестіреді», — деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий