Сабина Алтынбекованың қандай аурудан емделіп жүргені белгілі болды
Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына ұдайы көңіл бөлудің кәсіби спорттағы маңызы жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшының айтуынша, жоғары нәтиже тек жаттығу мен тәртіпке емес, ішкі эмоционалдық тепе-теңдік пен денсаулыққа да тікелей байланысты.
«Кәсіби спортшы ретінде өз денсаулығың мен эмоционалдық күйіңді бақылау өте маңызды. Тәртіп, еңбек және ішкі жағдайыңа, денсаулығыңа мұқият қарау – табыстың кепілі», – деп жазды ол.
Сабина Алтынбекова соңғы бір жыл бойы клиникада тұрақты тексеруден өтіп жүргенін атап өтті. Оның сөзінше, осы кезеңде ағзадағы барлық қажетті көрсеткіштер қалпына келтіріліп, жалпы жағдайы айтарлықтай жақсарған.
«Бір жылдан бері клиникада чек-аптан өтіп келемін. Осы уақыт ішінде барлық дефициттер қалпына келтірілді, энергиям мен көңіл күйім жақсарды. Ең бастысы – бұрын ойындар мен жаттығулар кезінде қатты мазалаған бас ауруы мен мигрень ұстамалары қайтып келмеді», – деді спортшы.
Сондай-ақ ол емдеудің экологиялық әрі ағзаға зиянсыз тәсілмен жүргізілгенін ерекше атап өтті.
Соңғы жаңалықтар