Сәкен Майғазиев үйіндегі қуанышын бөлісті

Сәкен Майғазиев үйіндегі қуанышын бөлісті
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзабекова Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл қуанышты жаңалықты әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Анашым Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды! Аналарымыздың жымиғанын, қуанғанын көру қандай бақыт!» – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Айта кетейік, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде ардагерлер мен тыл еңбеккерлері арнайы марапаттарға ие болып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу