«Санкт-Петербург» деп жартасты бояған ресейлік туристер жазаланды
Сібе көлдеріндегі жартасты бүлдірген ресейлік туристер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Шығыс Қазақстан облысындағы Сібе көлдеріне келген ресейлік туристер табиғи нысанның жартастарына бояумен «Санкт-Петербург» деп жазып, вандализм жасаған. Оқиға 22 тамызда Үшінші Шалқар көлінің маңында болған.
Туристердің жартасты бояп жатқан сәтін куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Осыдан кейін полиция олардың жеке басын анықтады.
Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес шара қолданды.
Енді туристер бүлінген табиғи нысанды өздері тазалап, жартастағы жазуды өшіруге міндеттелді.
Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, табиғи аумақтарға келген туристердің қоршаған ортаға ұқыпты қарауы керектігі тағы бір мәрте айтылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
10:25
«Әңгімесі төсектің айналасында»: Төреғали Төреә...
27.10.2026
10:09
Ердоған Тоқаевты Анкарада күтеді: Түркияда не б...
27.10.2026
09:44
Танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы өмі...
27.10.2026
09:18
"Көңілдесінің әйелі мен қызын өлтірген": 29 жас...
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...