Сарапшы Қытай көліктерінің негізгі кемшіліктерін тізіп берді
984
Ресейлік-қытайлық RusTransChina көлік компаниясының негізін қалаушы Александр Стрельников қытай автомобильдерінің негізгі кемшіліктерін атады, деп хабарлады politico.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Біріншіден, прогреске қарамастан, көптеген қытайлық марканы құрастыру сапасы мен арзан материалдарды әрлеуде қолдану проблемалары әлі де бар. Бұл көліктің сенімділігі мен ұзаққа жарамдылығына әсер етуі мүмкін.
Екіншіден, қытайлық автомобильдердің лак-бояу қаптамасы мен шанақты жемірілуге қарсы өңдеуі әрдайым жақсы бола бермейді. Ол тоттың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл, әсіресе, қысы қатты аймақтарға қатысты.
Сонымен қатар, қытайлық брендтер салыстырмалы түрде жаңадан шығуына байланысты түпнұсқа бөлшектердің ассортименті әзірге шектеулі және олардың бағасы жоғары болуы мүмкін. Бұл жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді қиындатады.
Үшіншіден, жетілдіруді қажет ететін заманауи электронды жүйелер мен жүргізуші көмекшілеріне қатысты. Өйткені олардың жұмысы әрдайым мінсіз бола бермейді. Жаңылыс іске қосылу, ыңғайсыз басқару болуы мүмкін.
Сарапшы қытай автомобильдерінің көптеген кемшілігінің еңсеруге келетінін және көліктері тез дамып келе жатқанын да атап өтті.
Фото: 24.kz
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...