Сарыөзекте қайтыс болған сарбаздың ісі бойынша айыпты лейтенант анықталды

Сарыөзекте қайтыс болған сарбаздың ісі бойынша айыпты лейтенант анықталды
21.01.2025 13:33
0
277
ҚР Қорғаныс министрлігі
Генерал-майор Мереке Көкеев Сарыөзектегі сарбаз өліміне қатысты пікір білдірді

Сарыөзек кентіндегі 12740 әскери бөлімінде қаза тапқан сарбаз Құрманбек Дастанның өліміне қатысты Сухопутты әскерлердің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көкеев түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Генерал-майордың айтуынша, сарбаздың өліміне оның қызметке бейімделу кезінде туындаған ішкі қиындықтарды дер кезінде байқамаған әскери бөлім басшылығының олқылықтары себеп болуы мүмкін.

Қылмыстық іс бойынша лейтенант Досов айыпталушы ретінде өтуде. Лейтенант Досов – 2024 жылғы әскери жоғары оқу орнының түлегі. Ол қызметін өткен жылдың тамызында бастаған.

Министрдің бұйрығымен:

  • Батыс өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал Артыков жазаланды.
  • Әуе қорғанысы күштері бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.
  • Үш лауазымды тұлғаға қызметтік сәйкессіздік туралы ескерту жасалды.
  • Төрт офицерге әртүрлі тәртіптік жаза қолданылды.

"Бұл жерде жеке тәртіпсіздік пен лейтенант Досовтың өз қызметтік міндеттеріне қылмыстық немқұрайлы қарауы да орын алуы мүмкін," – деп атап өтті генерал-майор.

Құрманбек Дастан 14 қаңтарда Сарыөзек кентіндегі 12740 әскери бөлімінде қаза тапты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий