Сауд Арабиясындағы келіссөздерде Украина порттарының қауіпсіздігі талқыланды

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Сергей Лещенконың айтуынша, Сауд Арабиясында өткен келіссөздер барысында украин және америкалық делегациялар кеме қатынасының қауіпсіздігі мен Украина порттарына шабуылдарды тоқтату мәселелерін талқылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Сондай-ақ кездесуде тұтқындарды айырбастау мәселесі де қозғалды.
«Әңгіме өзара атысты тоқтату туралы болды – біз олардың теңіздегі, соның ішінде өзендегі нысандарын атқыламаймыз, олар біздің нысандарымыз бен порттарымызға шабуыл жасамайды», – деді Лещенко телемарафон эфирінде.
Эр-Риядтағы келіссөздер жексенбі күні басталды: америкалық делегация украин әріптестерімен кездесті. Дүйсенбіде келіссөздердің екінші кезеңі – Ресей мен АҚШ арасындағы кездесу өтті.
Соңғы жаңалықтар





