Сая Оразғалиева: Ажырасатынымызды естігенде ұлым өкіріп жылады

27.08.2026 00:14 Томирис САҒЫНДЫҚ
Сая Оразғалиева: Ажырасатынымызды естігенде ұлым өкіріп жылады
80
Фото: @saya_orazgaliyeva/@luinaofficial

Танымал отандық актриса Сая Оразғалиева екінші ажырасуы туралы хабарды үлкен ұлы Радмирдің қалай қабылдағанын және бұрынғы жұбайымен мүлік пен алимент мәселесін қалай шешкенін айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, барлығы бейбіт жолмен реттелген, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Сая Оразғалиева «Мамский әңгіме» подкастында әңгімеледі.

Актриса бұл жаңалықты естігенде тұңғышының қатты күзеліске түскенін және бұл жағдай өзіне де оңай тимегенін жасырмады.

«Бұл хабарды Радмирдің қалай қабылдағаны мен үшін үлкен шок болды. Ол өкіріп жылап жіберді. Сол сәтте бойымды қатты кінәлау сезімі билеп: «Ойбу, не болып кетті?» – деп аң-таң болып қалдым», – деді актриса.

Сая Оразғалиева ұлына екі жақтың да балалар алдындағы жауапкершілігі сақталатынын айтып, оны сабырға шақырғанын жеткізді.

«Радмир өзі үшін емес, кішкентайларды ойлап: «Мейлі, мен өстім ғой, ал кішкентайлар әкесіз қалай өмір сүреді?» – деп қайғырды. Мен оған: «Тоқта, ол өліп бара жатқан жоқ, басқа жаққа көшіп кетпейді. Ол өзінің жауапкершілігін сезінеді. Біз бұрынғыша балаларға тең дәрежеде ата-ана болып қала береміз. Ол олармен де, сенімен де араласып тұрады», – деп түсіндірдім. Радмир онымен дәл осы өтпелі жаста бірге өсті, сондықтан аралары өте жақын еді», – деді Сая Оразғалиева.

Сонымен қатар өнер иесі балаларының отбасындағы салқындықты сезгенін және қазіргі таңда бұрынғы күйеуімен қарым-қатынастың реттелгенін атап өтті.

«Мен ұлыма: «Бәрі жақсы болады. Ата-анаңның бақытсыз екенін, екеуіміздің арамыздағы салқын қарым-қатынасты өзің де сезіп жүрсің ғой. Балалар мұның бәрін жақсы сезеді. Солай болды, біздің арамызда қарым-қатынас орнамады», – дедім. Оның іштегі эмоциясын сыртқа шығарғанына қуандым. Себебі ол іштей кішкентай сәбилер үшін қатты уайымдаған сияқты. Бақытымызға орай, қазір бәрі жақсы. Ол бізге жақын жерде, жолдың арғы бетінде тұрады. Балалармен де жиі араласып тұрады», – деді актриса.

Актриса ажырасу барысында ешқандай дау-дамайсыз, мүлік бөлісі мен алимент мәселесі өзара келісіммен бейбіт түрде шешілгенін мәлімдеді.

«Ол бізге пәтерді қалдырды, оған шексіз алғысымды білдіремін. Өзгелердің ажырасқандағы айқай-шуы мен мүлік бөліскен қолайсыз оқиғаларын естігенде, «тәубе» деймін. Арамызда мүлік бөлісіп, ұрыс-керіс болған жоқ. Біз алимент мөлшерін және пәтердің балаларға қалатынын өзара келісіп, бейбіт түрде шештік», – деді жұлдыз.

Войдите, чтобы оставить комментарий