Саясаттанушы кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетінін айтты

Саясаттанушы кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетінін айтты
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау қашан өтетіне қатысты болжам жасады. 
«Апта өте мазмұнды болмақ: Әлемдік діндер съезі, Қытай төрағасының сапары және Самарқандтағы ШЫҰ саммиті. Қызық, Конституцияны реформалау, сайлауды жариялау осы жерге сыя ма? Науқан 2 айға созылуы керек, ал ең айқын күндер 20, 24 қараша және 4 желтоқсан", - деп жазды ол өзінің телеграм-арнасында.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізетінін хабарлады. Сондай-ақ ол президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді  ұсынған болатын. Дереккөз: "Адырна" ұлттық порталы 
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу