Семейде есепшотқа бола қызды ұрып соққан ер адам сотталды

Семейде есепшотқа бола қызды ұрып соққан ер адам сотталды
Ашық дереккөз
Семейлік 60 сағат қоғамдық жұмысқа кесілді

Семей қаласында кафеде болған жанжал кезінде қызға дене жарақатын салған 38 жастағы ер адам сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға ер адамның достарымен бірге демалып отырған кезінде болған. Есепшотқа байланысты туындаған дау жанжалға ұласып, оның барысында күдікті қызға күш қолданып, дене жарақатын келтірген.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметінің есебіне алынды. Қазіргі уақытта сотталған азамат қоғамдық жұмыстардың 20 сағатын өтеп үлгерген.

Пробация қызметінің мәліметінше, мұндай жаза сотталған адамды қоғамнан оқшауламай-ақ, жасаған әрекетінің салдарын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пробация қызметкерлері оның жаза талаптарын орындауын бақылап, құқық бұзушылықтың қайталанбауы үшін профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу