«Семіріп алған»: белгілі бапкер боксшылардың нәтиже көрсетпеу себебін түсіндірді
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берген белгілі спорт маманы, бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері болған Тұрсынғали Еділов Париж Олимпиадасынан неліктен қазақ боксшыларының нәтижесі көңіл қуантпайтыны жөнінде пікір білдірді, деп хабарлады politico.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жерде біз жоғалтып алдық. Біз тек бас бапкерге (Мырзағали Айтжановқа) сенеміз. Жеті адам – Сәкенді, Сабырханды алмайды ешқашан. Қоңқабаевтың орнына кім бар? Ешкім жоқ. Шыңбергеновтың орнына кім барады? Ешкім жоқ. Бір-екі... Токио Олимпиадасынан бастап дабыл қағу керек болатын. Ауыстыру керек еді. Қоңқабаев не керек? Құлап жүр. Жалолов нокаутқа түсірген адам оны ұтып алды, – дейді Тұрсынғали Еділов.Сондай-ақ ол «тойып алсаң қалай қимылдау керектігін ұмытасың, аш болуың керек» деген пікірде.
Қазір «семіріп» алған. Мәселе онда емес. Алсын, бірақ подводка керек, балаларды қалай бабына келтіру керек деген. Соншама жиынмен болмайды. 16 жыл бойы құрама командада жүр... – дейді маман.Сөз соңында ол өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен шыққан Сәкен Бибосыновты таза жеңілді деп есептейді. Бибосыновтың соңғы раундта 3-4 соққы алып қалғанын айтып, жеңілісіне сол себеп болды деп отыр.
Сәкен жеңді деген сөз – далбаса! - деді Тұрсынғали Еділов.Фото: Instagram
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...