Сенатта ресейлік мұнайды Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдауға қатысты құжат қаралады
426
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 2 мамыр күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бейсенбідегі отырыста Қызылорда облысынан жаңадан сайланған Парламент Сенаты депутатының ант беруі және оны тұрақты комитетке мүше етіп сайлау мәселелері қаралады.
Сонымен қатар сенаторлар «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.
Хаттама транзит көлемдерін, мұнай транзиті үшін тарифтер мен төлемдерді жаңартуды, сондай-ақ Келісімді он жылдық кезеңге 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуды көздейді. Сондай-ақ құжатта келісімді жүзеге асыратын құзырлы органды анықтауға қатысты өзгерістер енгізілген: Қазақстан жағынан – бұл Энергетика министрлігі, Ресей жағынан уәкілетті ұйым – «Роснефть» мұнай компаниясы.
Сондай-ақ Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл заң коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, перспективалы телекоммуникациялар мен цифрлық технологияларды тарту үшін қолайлы заңнамалық жағдайлар жасауға және инновациялық экожүйені одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты Комитеттерге бөлініп берілді.
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...