"Сенбеңіздер!": Ерке Есмахан халыққа үндеу тастады

Фото: instagram.com/erke_esmahan. Суретте: Ерке Есмахан

Әнші Ерке Есмахан тыңдармандарына алаяқтардан сақ болуды ескертіп, жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz-ке сілтеме жасап.

"Көп оқырманым алаяқтар туралы жазып жатыр. Менің ешқандай ойынға, жарнамаға немесе ақша жинауға қатысым жоқ. Ешкіммен бұлай сөйлеспедім, еш жерден ақша сұраған жоқпын. Сондықтан сенбеңіздер! Абай болыңыздар! Алаяқтар өтірікті таргетке шығарып, елді алдап жүр", — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу