Сербияда қазақ қызы қайтыс болды

31.07.2026 15:19 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Сербияда қазақ қызы қайтыс болды
265
Фото: Бейнеден алынған скрин

Сербияның Белград қаласында Қазақстан азаматы Қанат Амира қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға туралы алғаш болып марқұмның әкесі өзінің TikTok желісіндегі парақшасында жариялаған бейнебаянында мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қызы Белградтағы тұрғын үйлердің бірінде алтыншы қабаттан құлап көз жұмған. Ер адам соңғы видеосында марқұмның сүйегін елге жеткізу мәселесін шешіп жатқанын жеткізді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзыретті органдармен бірлесіп, қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын мұқият тексеріп жатыр.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сербияда қаза тапқан ҚР азаматының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшілігі жергілікті құзыретті органдармен бірлесіп, орын алған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Сонымен қатар қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық қолдау көрсетуде. Аталған мәселе Министрліктің бақылауында», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Войдите, чтобы оставить комментарий