«Серік Ибрагимовпен бірге тұрдым»: Балжан Бидаш ел білмейтін құпиясын жайып салды

02.12.2025 11:04 Айсұлу Мұрат
«Серік Ибрагимовпен бірге тұрдым»: Балжан Бидаш ел білмейтін құпиясын жайып салды
0
62
Коллаж: sn.kz. Суретте: Серік Ибрагимов, Балжан Бидаш

Танымал әнші Балжан Бидаш “Жарқыраған жұлдыз” бағдарламасына берген сұхбатында өнер жолына қадам басқан кездерін еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Өнер иесі 1-курс оқып жүргенінде ағаларымен бірге тұрғанын, олардың арасында әнші Серік Ибрагимов те болғанын жасырмады.

“Қызылордадан Алматыға алғаш келгенде жатақханада емес, бір бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрдым. Мен, Бақыт Бидаш ағам, Серік Ибрагимов ағам, Шоқан Уәлихан деген әнші жігіт, Сымбат деген әпкем – бәріміз бірге тұрдық. Студент кезімізде осылай бір бөлмеде 5-6 адам болып тұрған кезіміз болды. Кейін бәріміз бірге екі бөлмелі пәтерге көштік. 3 курс оқып жүргенімде KeshYou тобының мүшесі болып, Ақбота екеуміз бірге тұрдық”, – деді ол.

Сондай-ақ әнші алғашқы курстарда ағаларымен бірге тұрғандықтан жеке өмір болмағанын жеткізді.

“Алғашқы курстарда ағаларыммен бірге тұрғандықтан жеке өмір деген жоқ. Олар мені аңдып жүретін. Мен үшін қорқады, мен үшін уайымдайды. Кешкі 21.00 кешігіп келсем, Серік аға мені іздеп, ұрысатын”, – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий