«Сезімнің болмысы бөлек»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызының 18 жасын бірге атап өтті

08.01.2026 13:04 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Сезімнің болмысы бөлек»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызының 18 жасын бірге атап өтті
0
313
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қыздары Сезімнің 18 жасқа толған туған күнін Мальдив аралдарында отбасылық форматта атап өтті. Бұл туралы Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz

Желіде жарияланған Stories-та жұлдызды отбасының демалыс сәттері көрініс тапқан. Жұлдыз Әбдукәрімова қызының мінезі мен болмысына ерекше тоқталып, жүрекжарды жазба қалдырды.

«Негізі Сезімнің болмысы бөлек. Артық шуды, артық әрекетті, көп сөзді ұнатпайды. Өте мейірімді. Англияға оқуға түскелі бері мінезі де өзгеріп, есейіп келеді. Тым бауырмал, аса сезімтал. Отбасымен ғана өткізетін уақытты қатты бағалайды. Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен! Өзіңдегі еркіндік, қарапайымдылық пен кең жүрек сондай әдемі. Өмір жолың ашық болсын, кәмелетке толған менің үлкен бөпем», – деп жазды ол.

Бұл жазба желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді. Көпшілік Сезімнің тәрбиесі мен мінезіне тәнті екенін жасырмады.

Оқырмандар пікірінде:


«Ақылды қыз. Туған күн – ең алдымен отбасы үшін», «Әр балаңыз әртүрлі, ал Сезімде ерекше гармония бар», «Бес бала – бес планета. Барлығына бақытты балалық шақ тілейміз», – деп жазды.

Айта кетейік, Сезім Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың тұңғыш перзенті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий