Шалқарда қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жер қойнына тапсырылды

22.03.2026 15:15 Қарақат АСЫЛОВА
Шалқарда қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жер қойнына тапсырылды
314
Фото: Ulysmedia.kz
«Баламыз әділдік күтеді»: қаза тапқан жасөспірімнің отбасы үндеу жасады

Ақтөбе облысында Шалқар қаласының 17 жастағы тұрғыны Алихан Жәнібек соңғы сапарға шығарып салынды, деп хабарлайды Politico.kz. 

Жасөспірім жастар арасындағы жанжал кезінде қаза тапқан. Марқұмның отбасына көңіл айтуға келгендердің қатарында жергілікті шенеуніктер мен депутаттар да болды.

Алиханның туыстары Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқа, облыс прокуроры Марат Әбішевке және облыстық полиция департаментінің басшысы Қайыркен Әлиевке үндеу жасады. Олар жастар арасындағы топтық қақтығыстарды тоқтатуды, кінәлілерді заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуды, сондай-ақ істің жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етті. Сонымен қатар, марқұмның жақындарына іс бойынша толық ақпарат беруді сұрады.

Еске салайық, Алихан Жәнібек 20 наурызға қараған түні болған жастар арасындағы төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, көз жұмған. Ол өткен жылы Досмұхамбетова атындағы жоғары педагогикалық колледжге оқуға түсіп, болашақта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болуды армандаған.

Айта кетейік, бұған дейін де осы өңірде мектеп оқушысы жастар арасындағы жанжал кезінде пышақ жарақатын алған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий