"Шаруаң қанша?": Гүлзира ханымның Жұлдыз босанғанда неге бармағаны белгілі болды

18.10.2025 14:20
0
1346
Caravan.kz

Ұлы Заңғардың тұңғыш сәбиін сүйіншілетіп фото, видео жариялаған Гүлзира Айдарбекованы оқырманы сын тезіне алды деп хабарлайды POLITICO.KZ Democrat.kz сайтына сілтеп.

Бірер күн бұрын ұлы Заңғар сәбилі болып, сол қуанышын әлеуметтік желіде жариялаған продюсер Гүлзира Айдарбековаға оқырмандары сұрақты боратты. 

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова да таяуда босанғаны мәлім. Сол кезде келіні мен немересінің жанынан көрінбеген Гүлзира ханымның қазір кіші келіннің перзентханасында жүргені жұртты таңғалдырды. 

"Неге Жұлдыз босанғанда, қасында болмады? Неге Жұлдыздың сәбиіне барып, құтты болсын айтпады?" деген сауалдар туындап, оның ақыры кәдімгідей дауға ұласты. 

Әлгіндей сұрақ қойғандарға "шаруаң қанша, өзі біледі", "Гүлзира ханым мен Жұлдыздың арасында бірдеңе болған. Оны білмей жатып, бірдеңе деудің керегі жоқ" деп жауап қатқандар өз болжамдарын да жазуда. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий