"Шашылсақ, тойға шашылайық": Блогерлер ата-анасының тойында тойбастарға қымбат тастар таратты

25.08.2026 10:16 Мөлдір ҚАЙНАР
165
Фото:Stan.kz

Танымал блогер Жанерке Елшін ата-анасының 60 жас мерейтойында қонақтарға ерекше тойбастар таратып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Тойдан түсірілген видеоны оның сіңлісі, блогер Ақмарал Елшін жариялаған. Онда қонақтарға жылтыраған бағалы тастары бар әшекейлердің үлестіріліп жатқаны көрінеді.

"Шашылсақ, тойға шашылайық деп, тойбастарға бриллиант тараттық", — деп жазды ол.

Бұл әрекет желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызып, бірі мұны ысырапшылдық десе, енді бірі әркім өз тойын қалауынша өткізуге құқылы екенін айтып, жақтады.

Көпшіліктің сынынан кейін Жанерке Елшін де жағдайды түсіндіріп, әшекейлердің миллиондаған теңге тұратын табиғи бриллиант емес, муассанит тастары екенін мәлімдеді.

"Миллиондап тұратын табиғи бриллиант болмаса да, әйел адамның көңілін көтеретін муассанит бриллианттары еді. Алла қаласа, нағыз гауһар жаудыратын гауһар тойларын жасауды нәсіп етсін деп ниеттендім. Ата-анамыздың 60 жас мерейтойын жасауға аңсап жеткен едік. Сондықтан бұл асып-тасқандық емес, туған-туыс, дос-жаранның басын қосып, қуанышымызды бөлісу еді", — деп түйіндеді блогер.

Войдите, чтобы оставить комментарий