Shell Қазақстанға инвестиция салуды тоқтатады

06.02.2026 12:27 Арман Ермеков
Shell Қазақстанға инвестиция салуды тоқтатады
41
Фото-коллаж: politico.kz

Shell компаниясы даулы сот процестеріне байланысты Қазақстанның мұнай-газ саласына қаржы құюды уақытша тоқтатпақ, деп хабарлайды Politico.kz,

Bloomberg басылымының мәліметінше, Shell басшысы Ваэль Саван компанияның бұл шешімін ресми Астананың мұнай өндіруші ірі компанияларға қарсы шағым түсіруімен түсіндірген. Қазақстан тарапы батыстық инвесторлардан миллиардтаған доллар өтемақы талап етіп отыр.

Қазіргі уақытта еліміздің соттары мен халықаралық арбитражда шетелдік мұнай компанияларына қатысты бірнеше іс қаралуда. Осы айда Shell және оның серіктестерінің даулы істе ұтылып қалғаны белгілі болды. Нәтижесінде олар Қазақстанға 4 миллиард долларға дейін қаржы төлеуі мүмкін. Алайда консорциумның бұл шешімге шағым түсіруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар күкіртті мақсатты пайдалану және жоба құнына қатысты даулар жалғасуда.

«Бұл жағдай біздің Қазақстанға әрі қарай инвестиция салу ниетімізге әсер ететіні сөзсіз», – деді Ваэль Саван сарапшылармен өткен жиналыста.

Еске салайық, қаңтар айының соңында Халықаралық арбитраж Қарашығанақ кенішінің операторларын Қазақстанға 2-ден 4 миллиард долларға дейін төлеуге міндеттеген болатын. Сот үкіметтің бекітілмеген артық шығындарды өтеу туралы ұстанымын негізді деп тапты. Бастапқыда Қазақстан 6 миллиард доллардан астам қаражат талап еткен еді.

Бұл жобаға Eni, Shell, Chevron, Lukoil және «ҚазМұнайГаз» компаниялары қатысады. Қаржы мұнай үлесін бөлу формуласын өзгерту арқылы қайтарылмақ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий