Шенеунік Путиннің Трампты қарғыбаумен жетектеп жүрген суретін жариялады
Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом Х әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ басшысы Дональд Трампты қарғыбаумен жетектеп жүрген суретін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Жасанды интеллекттің көмегімен салынған суретте Дональд Трамптың жерде төрттағандап тұрғаны және оны Владимир Путиннің ит сияқты жетектеп жүргені көрсетілген. Саясаткер бұл жазбасын Ресей мұнайын сатып алуға рұқсат берілуіне қатысты қарсылық ретінде жариялап, оған осындай мазмұндағы суретті қоса тіркеген.
«Қолданыстағы жеткізілімдердің ауқымын кеңейту үшін Қаржы министрлігі елдерге Ресей мұнайын сатып алуға уақытша рұқсат береді», - деді Калифорния басшысы.
“To increase the global reach of existing supply, @USTreasury is providing a temporary authorization to permit countries to purchase Russian oil” https://t.co/ekQFm2Efln pic.twitter.com/M1VbmaA9bM
— Governor Newsom Press Office (@GovPressOffice) March 13, 2026
Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Ирандағы соғысқа байланысты Құрама Штаттар Ресей мұнайына салынған санкцияларды алып тастаған болатын. Бастапқыда мұндай ерекшелік тек Үндістан үшін жасалды. АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент бұл қадам қақтығыстар мен шикізат бағасының өсуі аясында әлемдік нарықты тұрақтандыру үшін қабылданғанын мәлімдеді. Жеңілдік шарасы отыз күнге ғана созылады және ол жаңа өндіріс көздеріне немесе жаңа жеткізілімдерге қолданылмайды.
Соңғы жаңалықтар