Шерзат Полат ісіндегі мемлекеттік айыптаушыға жаңа шен берілді

12.01.2026 10:18 Арман Ермеков Арман Ермеков
Шерзат Полат ісіндегі мемлекеттік айыптаушыға жаңа шен берілді
0
182
Фото: qazaqadebieti.kz

Ел назарын аударған Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істе мемлекеттік айыптаушы міндетін атқарған Дана Сәрсенбай қызметтік сатыда көтерілді. Прокурорға кезекті бірінші сыныпты заңгер, яғни әділет капитаны шені берілді, деп хабарлайды Politico.kz

Кәсіби мерекеге орай Бас прокурордың арнайы бұйрығымен Дана Сәрсенбайға «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісі табысталды. Заң өкілі бұған дейін де сот процестеріндегі айыптауды сапалы жүргізіп, кәсіби біліктілігі мен қағидатшылдығы арқасында осы саладағы үздік маман ретінде танылған. Аталған қылмыстық істі қарау кезінде сотталушылардың адвокаттары прокурорға қарсылық білдіргенімен, процесс заң аясында жүзеге асырылды.

Қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот үкімі 2025 жылдың 5 маусымында шыққан болатын. Оқиға 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғардағы дүкендердің бірінің алдында жастар арасындағы жанжалдан басталған еді. Төбелес салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат алған пышақ жарақатынан көз жұмып, тағы екі адам ауыр халде ауруханаға түскен.

Тергеу барысында жәбірленуші тарапқа қатысты басқа да оқиғалар тіркелді. 2024 жылы 12 қазан түні Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Полиция бұл дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою бабымен іс қозғады. Ал сол жылдың 9 желтоқсанында Талғар шетінен Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий