Шиелі тұрғыны әйелін анасына көмектесуге оятқаны үшін сотқа тартылды
791
Қызылорда облысының Шиелі аудандық сотында әйелін ұрды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Бұл ретте ол әйелін ұйқысынан оятып, «тыныштығын бұзған» көрінеді.
Сотталушы Д. жатын бөлмеде ұйықтап жатқан әйелі О.-ға жақындап, оны оятып, ұрыс шығарған. «Ерте тұрмайсың, анама үй шаруасына көмектеспейсің» деп айқайлаған. Осылайша, ол физикалық ауыртпалық туғызғанмен, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жоқ, – деп мәлімдеді сот.Сотта ер адам өз әрекетін толығымен мойындап, әйелімен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады. Оның сөзін жәбірленуші де растады.
Сотталушы Д.-ның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 10-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар бар. Өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқықбұзушылық немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатыла алады, – делінген хабарламада.Аудандық соттың қаулысымен сотталушы Д. жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды. Фото: dzen.ru
Соңғы жаңалықтар
15.06.2026
09:35
Жетісу облысында жанжал кезінде әйел күйеуін өл...
15.06.2026
08:43
АҚШ пен Иран келісімге келді
14.06.2026
18:09
Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталды
14.06.2026
15:49
Қытайда қайыршы роботтар пайда болды
14.06.2026
14:25
Қазақстанда ым тілі ресми мәртебеге ие бола ма?...
14.06.2026
13:33
AMANAT пен Әділет бірікті