Шілдеде қалай демаламыз

04.06.2026 11:32 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Шілдеде қалай демаламыз
76
Фото: © Абзал Бахытжанов / Politico.kz

Биыл шілде айында қазақстандықтар Астана күніне орай қосымша демалады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекеттік мереке саналатын 6 шілде биыл дүйсенбіге сәйкес келіп отырғандықтан, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар 4 пен 6 шілде аралығында қатарынан үш күн тынығады. Ал алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер сенбіде қызмет етіп, жексенбі мен дүйсенбіде демалысқа шығады.

Жалпы екінші жаз айында бес күндік кестедегілер үшін 22 жұмыс және 9 демалыс күні көзделсе, алты күндік аптамен жүретіндер 26 күн жұмыс істеп 5 күн тынығады. Дәстүр бойынша бұл күні еліміздің барлық өңірінде түрлі мәдени шаралар мен спорттық жарыстар өтеді, әрі ең ауқымды бағдарламалар елордада ұйымдастырылады.

Айта кетейік, жұмыс күндерінің саны 22 күнге жететіндіктен жалақы мен демалыс ақысы арасында үлкен айырмашылық болмайды, сондықтан шілде еңбек демалысына шығуға ең қолайлы айлардың бірі саналады.

Войдите, чтобы оставить комментарий