ШҚО-да 12 әкім жауапқа тартылды
193
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапқа тартылды. Олар аумақтың тазалығын тиісті деңгейде қадағаламаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан прокуратурасы 15 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Қоқыс орындары спутниктік суреттерді зерттеу және аумақты тексеру кезінде табылған.
Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін полиция 177 адамды әкімшілік жауапқа тартты.
Прокуратураның қадағалау шаралары нәтижесінде өз міндетін тиісінше орындамаған 12 ауылдық округ әкімі де жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдар толық төленген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
17:01
Түркияда туристік автобус эвакуатормен соқтығыс...
12.10.2026
16:31
«Жеке өмірім – қаралым жинайтын контент емес». ...
12.10.2026
16:29
ШҚО-да 12 әкім жауапқа тартылды
12.10.2026
15:53
Өгей шешесі ұрып-соққан төрт жасар қыз көз жұмды
12.10.2026
15:43
ҚМА Перизат Қайраттың туыстарына қатысты мәлімд...
12.10.2026
15:09
Елдегі мәслихаттар мерзімінен бұрын таратылды: ...