Өгей шешесі ұрып-соққан төрт жасар қыз көз жұмды

12.10.2026 • 15:53 Мөлдір ҚАЙНАР
Өгей шешесі ұрып-соққан төрт жасар қыз көз жұмды
345
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Қашқадария облысында төрт жасар қыз өгей шешесінің соққысынан кейін қайтыс болды. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаны қасақана кісі өлтіру ретінде тергеп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу мәліметінше, Қашқадария облысының Касбий ауданында 32 жастағы әйел мен оның күйеуі арасында жанжал шыққан. Жанжал барысында әйел күйеуінің төрт жастағы қызына соққы жасаған. Салдарынан бүлдіршін ауыр бас жарақатын алып, сол күні көз жұмған.

Оқиғадан кейін аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстаған. Бастапқыда іс адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы бойынша тіркелген.

Алайда с Қашқадария облыстық прокуратурасына беріліп, Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97-бабы — қасақана кісі өлтіру бойынша қайта сараланған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеуді облыстық прокуратура жүргізіп жатыр. Өзбекстанның Балалар омбудсманы істің барысын бақылауға алғанын және тергеу нәтижелері туралы қоғамды хабардар етіп отыратынын мәлімдеді.

Отбасындағы екінші баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ол жақын туысына тапсырылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий