Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 820 млн теңгеден асқан
146
Шымкент тұрғындары мен заңды тұлғаларының жылу және ыстық су қызметтері үшін жалпы берешегі 821 780 936 теңгені құрады, деп хабарлайды Politico.kz.
«Қуатжылуорталық-3» мекемесінің мәліметінше, бұл соманың 416 498 305 теңгесі заңды тұлғалардың, ал 405 282 631 теңгесі жеке тұлғалардың үлесінде.
Кәсіпорын өкілдері қарызы бар тұтынушыларға жылу беру тоқтатылмайтынын мәлімдеді. Дегенмен, төлем мерзімі екі айдан асып кеткен жағдайда, берешекті сот тәртібімен мәжбүрлі түрде өндіріп алу шаралары басталады.
Жауапты сала мамандарының айтуынша, ең алдымен абоненттерге SMS және пошта арқылы ескертулер жолданып, мекеме қызметкерлері де бұл туралы тікелей хабарлайды. Қарызды толық өтеу үшін тұтынушыға үш күн уақыт беріледі. Егер осы мерзім ішінде төлем жасалмаса, іс жеке сот орындаушыларына жолданады. Мұндай жағдайда борышкерге негізгі қарыздан бөлек, сот шығындарын да төлеуге тура келуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...