Шымкент тұрғыны сұмдық әрекетке барды
Шымкент тұрғынынан 83 шелек марихуана табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Арнайы жабдықталған бөлмеден 83 көк пластик шелектегі марихуана тәркіленді. Сонымен қатар, полиэтилен қапшықтарда ашық күйдегі есірткі заттары мен электронды таразылар табылды», – делінген хабарламада.
Қалалық Полиция департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында марихуана түріндегі есірткі заттарын өндіруге арналған фитозертхананың қызметі тоқтатылды.
Аталған дерек бойынша ұйымдастырушы ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 297 және 300 баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
08:31
«Атыраулық хакер» Дубайға неге тайып тұрды: ол ...
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...