Шымкентте 2,5 млн доллар ұрлаған алаяқ ұсталды
1197
Криптовалютамен алдап, компаниясын иемденген алаяқ ұсталды
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласында ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бизнесті сатып алу кезінде есеп айырысуды криптовалюта арқылы жүргізетінін айтып, компания мен оның мүлкін өз атына қайта рәсімдеткен. Алайда заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін бұрынғы иесіне криптокошелекке қол жеткізу үшін жалған мәліметтер берілген. Яғни іс жүзінде ешқандай төлем жасалмаған.
Бұдан бөлек, ер адам экс-иесіне компанияға қатысты «әшкерелейтін материалдар» бар екенін айтып, оларды жарияламау үшін 250 мың доллар талап еткен. Ол талап етілген соманың 150 мың долларын алу кезінде ұсталды.
Аталған фактілер бойынша алаяқтық және бопсалау баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...