Шымкентте 7 жастағы оқушыға тиісті деген күдікпен 36 жастағы мұғалім ұсталды
Шымкент қаласында кәмелетке толмаған қызға тиісті деген күдікпен 36 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 25 ақпанда мектеп аумағында болғаны айтылады.Баланың анасының арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Оның сөзінше, қызы сабақтан кейін үйге келгенде көңіл-күйі түсіп, болған жайтты айтуға қиналған. Кейін анасы мән-жайды нақтылап сұраған соң, оқиға туралы белгілі болған.
Күдікті полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары қаралып, куәгерлерден жауап алынуда.
Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екені хабарланды. Барлық процессуалдық әрекеттер заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген құқық бұзушылық қатаң түрде тоқтатылатынын және кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу нәтижесінде белгілі болады.
Соңғы жаңалықтар