БҚО-да төрт бала туған анасынан бас тартты

14.10.2026 • 13:54 Мөлдір ҚАЙНАР
БҚО-да төрт бала туған анасынан бас тартты
161
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Батыс Қазақстан облысында бір үйдің балалары туған анасымен тұрудан үзілді-кесілді бас тартып, әкесін таңдады. Олардың өтінішін ескерген сот бүлдіршіндерді әкесінің тәрбиесіне қалдыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Астана» телеарнасының мәліметінше, сот барысында белгілі болғандай, бұған дейін ажырасқан ерлі-зайыптылардың үш баласы әкесінің жанында, ал біреуі анасымен бірге тұрып келген. Кейін әкесі барлық баланы анасына беруге келіскен. Алайда қайтадан тұрмыс құрған келіншек басқа қалаға көшіп, бала тәрбиесіне салғырт қараған және оларды қараусыз қалдырған. Тіпті бұл әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке де тартылыпты.

Анасының қамқорлығынан қағылған балалардың безінуіне тағы бір себеп — оларды үнемі қорқытып, қысым көрсеткен өгей әкесімен тіл табыса алмауы болған.

Сот балалардың жанайқайы мен көз жасын ескере отырып, оларды әкесінің қарауына қалдыруды жөн деп тапты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий