«Халықты тонап жүрсіңдер»: Бағдагүл емші Қайрат Нұртас пен Садраддинге шүйлікті

14.10.2026 • 15:31 Мөлдір ҚАЙНАР
«Халықты тонап жүрсіңдер»: Бағдагүл емші Қайрат Нұртас пен Садраддинге шүйлікті
65
Фото: коллаж politico.kz (ЖИ)

Ақтөбелік халық емшісі, сынықшы Бағдагүл Лепесова әлеуметтік желіде үндеу жасап, танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Садраддиннің әрекетін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Емші Ақтаудағы әскери жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың қара жамылған отбасыларына көңіл айтпаған өнер иелерінің ұстанымына ашынды. Оның пікірінше, эстрада жұлдыздары халықтың қайғысына ортақтасып, қолдау білдірудің орнына концерттерін тоқтатпай, той-думанды жалғастырып келеді. Сондай-ақ ол Қайрат Нұртастың Шымкентте өткен, соңы дүрбелеңге ұласқан концертін де сынға алды.

«Жалмауыздар. Халықты мал сияқты жинап, халықты тонап, ақша жинап жүрсіңдер. Халықты сүймейсіңдер, сыйламайсыңдар», — деп ашуға мінген Лепесова әншілердің дәл осы қарапайым елдің арқасында жұлдыз болғанын еске салды.

Бағдагүл емші қос орындаушыны ел алдындағы жауапкершілікті ұмытып, тек пайда табуды көздеді деп айыптады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий