Шымкентте әуеде екі ұшақ соқтығысып қала жаздады

13.01.2026 18:01 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Шымкентте әуеде екі ұшақ соқтығысып қала жаздады
0
401
Фото: freepik.com

Шымкентте Өзбекстан мен Ресей әуе компанияларының ұшақтары бір-біріне қауіпті жақын қашықтықта ұшып өтіп, соқтығысып қала жаздады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті мәлімдеді

Оқиға 10 қаңтарда Шымкент диспетчерлік орталығының жауапкершілік аймағында болған.  «Uzbekistan Airways» компаниясының Airbus ұшағы мен «Победа» компаниясының Boeing әуе кемесі арасында қауіпті авиациялық жағдай туындаған.

«10 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 05:42-де Шымкент диспетчерлік орталығының жауапкершілік аймағында «Победа» әуе компаниясының Внуково – Самарқанд бағытындағы PBD997 рейсі мен «Uzbekistan Airways»-тың Термез – Мәскеу бағытындағы UZB9609 рейсіне қызмет көрсету кезінде авиациялық оқиға болды», - делінген хабарламада.

Көлік министрлігі мұны уәкілетті орган тарапынан тергелуге тиіс ауыр авиациялық оқиға деп бағалап отыр.

Қазір осы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылуда. 
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий