Шымкентте экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері тергелуде
Ұлттық қауіпсіздік комитеті желіде тараған ақпараттан кейін Шымкентте экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкеріне қатысты соталды тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Politico.kz порталы Kazinform-ге сілтеме жасап.
2 наурызда әлеуметтік желілерде жол жиегіндегі көлік жанында арнайы қызмет өкілдерінің бір ер адамды ұстап тұрған суреті тарады. Сурет астында бұл азаматтың Шымкент қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері екенін және оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет шамамен 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстағанын жазған болатын.
ҰҚК аталған оқиғаны растап, бірақ істің толық мән-жайын жариялай алмайтынын жеткізді.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген комитеттің ресми жауабында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...